Құқық қорғау органдары

Сапасыз өнім жойылды

 

 

 


Бұл өнімдер кеше ғана қаланың сауда орындарында тұрған еді. Қауіпті тауарды жою жөніндегі комиссияның отырысы көпке созылған жоқ. Барлығы ақылдасып, жою керек деген ортақ тоқтамға келді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде шыққан минерал судың пайдалану мерзімі бір жылға өтіп кетіпті. “Дюшес” пен “Пауер плюс” сусындары да дәл осындай себеппен жарамсыз.

Александра Челнокова, ҚСЭҚБ бас маманы:
-Бұл қауіпті тауардың барлығы “Зеленый остров” серіктестігінен тәркіленді. Олар сусындардың мерзімін қарауды ұмытып кетіппіз деп отыр. Біз оларға әкімшілік айып салдық.

Қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінен адам ағзасына қауіпті балалар ойыншығы да тәркіленді. Аталмыш өнімдегі  фенол  нормадан 30 есе артық болып шықты.

Тимур Әбдірешев