Бизнес және экономика

Петропавлда су құбырлары жаңартылып жатыр

 

 

 

 

 

Былтырғы қыста  «Петропавл су» акционерлік қоғамында  су тарату жүйелерінің және су құдықтарының қатып қалуы сияқты қиындықтар туындады. Биыл «Жол картасы» бағдарламасының аясында осы мәселелер шешімін таппақ. Қазір кәсіпорынға қарасты су жүйелерінде  шамамен 600 млн теңгені құрайтын күрделі қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ең басты нысан 43 жыл бойы жөндеу көрмей тозығы жеткен  коллектор.

Сергей Визеров,  «Петропавл су» АҚ бас инженері:
у құбырлары мен канализация жүйелері бойынша биыл 4 объект жөнделеді. Оның негізгілерінің бірі мына коллектор. Апаттық жағдай болып, осы құбыр тоқтап қалатын болса, қала толығымен сусыз қалады. Сондықтан біз ескі коллекторды жаңасына ауыстырамыз.

Алаңда тендерді ұтып алған “Строитель” ЖШС-н
ің 15 жұмысшысы еңбек етуде. Олар коллектор құбырын жабатын 6 камера салып жатыр. Жұмыстың тең жартысы орындалып та қойды.

Ермек Мұратбеков, “Строитель” ЖШС шебері:
азір гидроизоляцияны жөндеп жатырмыз. Ол камераға су өткізбеу үшін керек. Бір-екі күнде бітіреміз, содан соң келесі камераға көшеміз.

Ал Есілден келген суды тазартып, сүзгіштен өткізетін блогтарды кәсіпорын өз қаржысын
а қалпына келтіруде.  Бірінші кезектегі фильтрлер блогы деп аталған бұл жерден су насос станциясы арқылы қалаға жіберіледі. 8 млн теңге қаржыны қажет еткен жөндеу шілденің 15-не дейін аяқталады деп күтілуде.
“Жол картасының” аясында Интернационал  көшесіндегі коллектор қалпына келтіріліп, Жамбыл көшесіндегі су құбыры жөнделетін болады.

 

Кәусар Аяпбергенқызы