Туризм

Өңір табиғаты туризмді дамытуға қолайлы

 

 

 

Ұлттық саябаққа  демалуға азаматтар бүкіл Қазақстаннан барады. Бірақ  көбіне бой жазуға келгендердің көрсетілетін қызметке көңілі толмайды.

Элла Андрощук:

 -Барлық жағынан да көңілім толмайды. Әсіресе қызмет көрсету нашар. Жағажайды тазалауға болады ғой. Жағалау лас.

Людмила Дмитриева:

 – Мен мұнда бұрындары болғанмын. Ол кезде мұндағы жағдай бірқатар жақсы еді. Қазір ешкімге қажеті жоқ сияқты.

Айыртау ауданындағы
демалыс орындарының біразы 70-ші жылдары бой көтерген. Содан бері оған иелері қаржы құймаса керек. Көлдің жағалауы шыны сынықтары мен тұрмыс қалдықтарына толы. Су ластанып, балдырлар  қаулап өсе бастаған. Ал туристер осында демалу үшін қомақты қаржы жұмсайды. Бір тәулікке кем дегенде 3-5 мың теңге кетеді. Ал көршілес  “Жемчужина-1” демалыс базасының жағдайы мүлдем өзгеше. Таза жағажай, мөлдір су. Шатырда тұрамын дегендердің де жағдайлары ойластырылған.

Демалушы:

-Табиғаты бәрі тамаша. Көңілім толады. Тағы да келеміз деп ойлаймыз. Біз шатырда дем алып жатырмыз. Өзімізге ұнайды.

Шығынсыз кіріс болмайды. “Жемчужина-1” демалыс базасының иелері бұ
ны түсінеді. Сондықтан да бұл  лагерь демалушылардан арылған емес. «Бізде бос орын болған емес. Жыл сайын халық қаптап келеді. елімізден ғана емес, Ресейден, тіпті Германиядан келіп демалатындар да бар»,- дейді демалыс орнының басшылары. Айыртау ауданында туристік бизнесті дамытқысы келетіндер аз емес. Олар өз күштерімен біраз іс тындырыпты. Раушан Дүйсекеева сондай жандардың бірі. Өкінішке орай, әкімдік тарапынан көмек болмаған.

Раушан Дүйсекеева:
-2006 жылы жеке туризмді бастағанмын.
Көбіне шет елдің азаматтары келді. Оларға қызықты ғой. 2008-09 жылдары әкімдікке көмек сұрап барғанбыз, балалар үшін демалыс орындарын ұйымдастырайық, келушілерге сапалы қызмет көрсетейік деп. Бірақ ешкім көмектеспеді.

Шалқар көліне суға түскеннен басқа бұл ауданда демалыстың тағы бір түрі бар. Ол тарихи орындарға саяхат жасау. Бірнеше жыл бұрын Айыртауда Қарасай мен Ағынтай батырларға арналып мемориалды кешен ашылған болатын. Осыған дейін тарихи ескерткішті мыңдаған адам тамашалап үлгерді. Олардың қатарында алыс-жақын шет елдің азаматтары да  бар.  Ал одан оншақты шақырым жерде тағы бір мәдени ескерткіш бар. Ол да Қазақстан тарихы үшін маңызды. Бұл Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның кесенесі. Оны Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз елдерінің басшылары 1993 жылы ашқан болатын. Бұл жерге барған адам өткен заманға сапар шеккендей болады. Ұсақ-түйегіне дейін ескерілген.   Бір сөзбен, Айыртау өңірінің табиғаты  жазғы демалысқа қолайлы , бірақ ауданда инфрақұрылым мен туризм  дамытылмай отыр деуге болады.

Гүлнар Мұқамеджанова