Денсаулық сақтау

Ұрпақтар сабақтастығы

 

 

 

Уақыт өткен сайын адам да, заман да өзгереді. Ол рас екен дейді облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі Любовь Ли. Ол  күні кеше Елордасы Астанада болып, бір кезде өзінің студенттік шағы өткен оқу ордасын аралап, курстас жолдастарымен кездесіп қайтыпты.

Любовь Ли, облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі:
Әрине, ғимарат  іші көп өзгеріске ұшыраған, заманауи талаптарға сәйкестендірілген. Үш нысанды дәліздермен біріктіріпті. Сабақ оқитын бөлмелер мен дәріс залдарында барлық жағдайлар қарастырылған. Қазіргі талапқа сай кафедралар мен құрал-жабдықтар бар.

Любовь Ли жора-жолдастарыммен кездесуден бір ләззат алсам, Елорданың әсемдігіне таңданысым бір бөлек дейді. Себебі кезінде өзі оқыған қала мен бүгінгі Астананы салыстыруға болмайды. Осыдан 35 жыл бұрын облыстық ауруханаға келген  Целиноград медицина институтының алты түлегінің бірі  Любовь Ли еді.  


Любовь Ли
, облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі:

– Білім ордасы күні бүгінге дейін солтүстік өңірді кадрлармен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдары оқу бітірген мамандардың жұмысының өзіне көңіліміз толады. Жастар өте ынталы, білімдерін одан әрі де ұштағылары келеді.

Облыстардың медицина саласы Астанамен тығыз байланыста. Бұл көштен қалмауға мүмкіндік береді.


Любовь Ли, облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі:

-Соның бір айғағы телемедицина. Ол хирургияда таптырмас жаңалық. Күрделі ота жасауда көмегі мол. Кез-келген ақыл-кеңесті алуға болады.

Лариса Хоменко – осы бөлімшенің гастроэнтеролог дәрігері. Ол да дәрігерлік білімді кезінде бүгінгі Елордамыздағы медицина институтында алған екен.  


Самат Есмағи