Қоғам

Еріктілерге арналған семинар



 

  

Шыңғыс Дәулетбаевты еріктілердің жұмысы талайдан қызықтырады екен. Енді міне ол облыстағы белсенді жастардың қатарына қосылып, азаматтық қоғамды дамытуға өз үлесін қосуды көздеп отыр.

Шыңғыс Дәулетбаев:
-Еріктелердің шаруалары қызықтырды. Олар өздерінің жұмыстарына ақша алмайды. Олар қоғамға пайдалы іспен айналысады.Менің де ерікті болғым келеді.


2008 жылы құрылған ақпараттық-сараптамалық орталық ұйымдастырған жиында Шыңғыс сынды жастарға мол ақпарат берілді. Ерікті болудың қыр-сырын меңгерген кейінгі толқын білгендерін ортаға салуда. Олар бұл жерге ұстаз ретінде емес, кеңес беру мақсатында келген.

Олег Кисляков, ақпараттық-сараптамақ орталықтың  менеджері:
-Менің қолымда еріктілердің жұмысы жайында мол мағлұмат беретін кітапша бар. Оның ішінен әр жас өзіне керекті мәліметті ала алады. Әрі еріктілердің қатары өсуде.
Олардың барлығының басын қосу қиын. Сондықтан кітапша шығаруды жөн санадық.


Ал облыс бойынша ұйымдастырылатын түрлі мерекелік шараларға атсалысу бөлек әңгіме.
 Қазір жастар қала күні мерекесінде атқаратын жұмыстарын алдын ала жоспарлап, қағаз бетіне түсіріп жатыр.

Шыңғыс Дәулетбаев:
-Өзім болашақ дизайнермін. Сондықтан іс-шараларды өткізу кезінде безендіру жұмыстарына атсалыссам ба деймін. Бұл да қоғамдық іске қосқан үлесім болар еді.Мерекені әсем безендіру де маңызды ғой.


Бұл еріктілердің тәжірибе бөліскен соңғы семинар-тренингі емес. Алда әлі басқа да бас қосулар мен облыстағы еріктілердің конгресі бар.

Гүлнар Мұқаметжанова