МТРА жаңалықтары

Велошабандоздар ел чемпионатынан бас жүлдемен оралды.

 

 

Әлемге танымал велошабандоз Александр Винокуровтың мұрындық болуымен 1998 жылы өңірде алғашқы олимпиадалық резерв спорт мектебінің іргесі қаланды. Міне сол уақыттан бері ағаларының жолын қуған жеткіншектер үлкен жарыс трассаларын бағындыра бастады. Соңғы ел чемпианаты да осыған дәлел болғандай. Өңіріміздің жас  велосипедшілері аталмыш додада 9 алқа тағынып, бас жүлдеге қол жеткізді. Құрама қоржынындағы үш алтын медальдің бірі Владислав Горбуновтың үлесінде.  

Владислав Горбунов, жарыс жеңімпазы:
өре сызығын кескеннен бастап,  топтан суырылып алға шығып алдым. 5 айналым бойы мәреге жеткенше басымдығымды сақтауға тырыстым. Жақсы даярлықтың арқасында көздегеніме жеттім. Ендігі мақсатым  әлем біріншілігіне жолдаманы жеңіп алу.

Топтық кезеңде Владиславтың ізін басып командаласы Андрей Кучерев екінші болып келді. Бұл сындағы ү
шінші жүлдегер де   жерлесіміз Никита Өмірбеков. Жұлдызды үштіктің жеңісті жолын Наталия Стефанская жалғастырды.  

Владимир Волошин, бапкер:
-Наталия Стефанская жекелей және командалық сында қос алтынды иеленді. Қазір ол халықаралық жарысқа дайындалу үшін оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

135 шақырымдық тас жолдағы тартыс өңір құрамасы үшін жемісті болды. Петропавлдық Бахтияр Қожатаев алға тек өскемендік қарсыласын жіберіп алып, күміс алқа тақты.  

Бахтияр Қожатаев, жарыс жүлдегері:
-Соңғы айналымға дейін көшбасшы болып келген едім, мәреге жақындағанда таулы аймақтың жолындағы күрт көтерілулерден шаршағандық басты ма, алдыма бір қарсыласты жіберіп алдым.
Десе де нәтижем жаман емес, спорт шебері нормасын орындап қайттым.

Алда велошабандоздарды ҚР біріншілігі күтуде.

 Жеңіс Ермұқанов