МТРА жаңалықтары

Сақтықта – қорлық жоқ

 

 

 

Сағат таңғы тоғызды көрсетіп тұр. “Сүт одағы” ЖШС-де кесте бойынша жұмыс басталып кетті. Күнделікті өндірістік қарбаласты кенеттен соғылған дабыл бөлді. Үш қысқа қоңыраудың нені білдіріп, қай кезде берілетінін жұмысшылар жақсы түсінеді. Сондықтан олар дереу апаттың себептерін анықтады. 
Жоспар бойынша
өрт кәсіпорынның қазандық цехынан шықты. Сөндірушілер жеткенше мекеме қызметкерлері оттың маңайға тарап кетуін болдырмады. Көп ұзамай оқиға орнына 2 арнайы өрт сөндіру көлігі мен құтқарушылардың 3 тобы жеткізілді. Жол полициясы қауіпті ауданды қоршауға алды. От ауыздықталып, көк түтінге тұншыққан жапа шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бірақ босаңсуға әлі ертерек екен.

 Галина Барильченко:
 -Біздің кәсіпорын аса қауіпті нысандардың қатарына жатады. Аумағымызда өндіріске қажетті сұйық аммиак сақтайтын қондырғылар бар. Бұл химиялық улы қышқыл сыртқа шығып кетсе, орасан зор зардабын тигізеді.

Оқу-жаттығу жиынының ендігі көздегені – төтенше жағдайдың алдын алу. Жоспарға сәйкес улы зат сақталатын ыдыстың тетігі істен шыққан. Қауіпті затты залалсыздандыру үшін су себу керек. Өйткені аммиак оттегіден жеңіл, ауаға тез тарап кетеді. Құтқарушылар бұған да дайын болып шықты.    

Светлана Кузнецова, СҚО алғашқы медициналық көмек орталығының дәрігері:

-Уланған жапа шегушінің ауыз қуысын тазалап, қолдан демалдыратын аппаратқа қосу керек. Иммундық, гармондық жүйені жақсартатын дәрі-дәрмек ішкізген жөн. Бұл ағзаның жылдам оңалуына септеседі.

Арнайы құрылған шұғыл топ улы қышқылдың атмосфераға тарау көрсеткішін өлшеп, ақауды жөндеді. Яғни екі жақ та қойылған міндетті толық орындап шықты. Бірлескен әрекеттердің арқасында төтенше жағдай 20 минуттың ішінде жойылды.


Жеңіс Ермұқанов