МТРА жаңалықтары

Петропавлда болашақ астрономдар өсіп келеді

 

 

 


 

Бірнеше ғылыми жарыстарда шыңдалып үлгерген «ЛОРД» лицейінің оқушылары биыл астрономдар мен ғарышкерлердің ІІІ республикалық слетінің жеңімпазы атанды. Айта кету керек, Петропавл мектептерінде “Астрономия” пәні терең оқытылмағанымен жергілікті шәкірттер биік белестерден жиі көрініп жүр. Жарыста екінші орынды еншілеген Руслан Хафизовтың айтуынша, мектепте астрономия үйірмесінің ашылуы көп себін тигізуде.

Руслан Хафизов, «ЛОРД» облыстық мектеп-лицейінің оқушысы:
-Біздің директор Константин Андреевич Рыб астрономия ғылымымен әуестенеді. Сондықтан ол алғашқы слетті естігенде біздің облыстың атынан қатысатын команданы жинады. Енді міне біз де ғарыш әлемін зерттеудеміз.

Жүлдегерлердің арасында 10 сынып оқушысы Мария Грызова да бар. Ол республикалық сайыста  2-ші орынға ие болды.

Мария Грызова, «ЛОРД» облыстық мектеп-лицейінің оқушысы:
-Тапсырмалар онша қиын болған жоқ. Былтырғымен салыстырғанда жарыс жеңіл өтті.

Бірінші орын Вадим Усикке бұйырды.
Аталмыш білім додасында екінші рет  бақ сынаған бозбала өткен жылы да жүлделі оралған екен. Вадимге жарыстың практикалық тапсырмалары ұнапты.

Вадим Усик, «ЛОРД» облыстық мектеп-лицейінің оқушысы:
Сайыста бір практикалық тапсырма болды. Онда аспанның бір бөлігі берілді. Мен онда көрсетілген жұлдыздарды атап көрсетуім қажет болды.

Аспан картасының әр бөлігінде 18-23 жұлдызға дейін болады
екен. Сондықтан оқушыларға аспан әлемін әлі талай зерттеу қажет.

Гүлден Сәрсенбаева