МТРА жаңалықтары

Мал ауруына тосқауыл қойылуы керек

 

 

 

 

Павлодар облысында сібір жарасы ауруы тіркелгені  белгілі. Ал сол ошақтан Уәлиханов ауданына дейін бар болғаны 300 шақырым. Қауіп бар. Оған қоса бұл  ауданда 563 бас ірі қара малдың  бруцеллезге шалдыққаны анықталды.  Кеңесте шілденің 1-не дейін ауру малдан құтылу тапсырылды. Бруцеллез ошағы одан әрі  жайылмауы үшін облыс бойынша бүгінгі таңда малды вакцинациялау мықтап қолға алынды.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
-Өңірде сібір жарасына қарсы 461 мың ірі қара малды егу міндеті қойылды. 342 мың ұсақ малға және 100 мың шошқаға, 96 мың жылқыға вакцина қоямыз. Алғашқы жартыжылдықта белгіленген жұмысты атқардық.

Биылғы аптап ыстық пен құрғақшылық егістікке ғана емес, шөптің шығуына да кеселін тигізді.  Мамандардың айтуынша, қазіргі күні көпжылдық шөп алқаптарының әр гектарынан 4,3 центнерден ғана өнім жиналуда, бұл жылдағыдан 2 есе кем. Сөйтіп, биыл 418 мың тонна ғана шөп шабылмақ. Бұл облыстағы сұраныстың тек 65 пайызы Пішен дайындау науқанының қарқыны Мамлют, Шал ақын, Уәлиханов аудандарында тым мардымсыз. Егінжайды химиялық өңдеу жұмысы да облыс әкімінің көңілінен шықпады. Орта есеппен алғанда әр ауданда бұл шара тек 30 пайыз ғана орындалыпты. 13 ауданның әкіміне 5 шілдеге дейін бұл олқылықтың орнын толтыру тапсырылды. Кеңесте облыс бюджетінің орындалу барысы да талқыланды.Өңір басшысы “Дипломмен –  ауылға” жобасы мен “Жол картасына” бөлінген қаржыны тиімді жұмсап, уақтылы игеру қажеттігін тілге тиек етті.

 

Тимур Әбдрешев