МТРА жаңалықтары

«Сұңқар» – болашақ сарбаздар мектебі

 

Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, болашақ отан қорғаушыларды әскер қатарындағы қызметке даярлау – әскери-спорттық ойынды өткізудегі басты мақсат осы.  “Сұңқар” барлық аудан құрамаларының басын жиды. Жарыс бағдарламасына сай сайыскерлер бірнеше сыннан өтті. Бұл – әскери-патриоттық байқау, автоматты бөлшектеп, қайта жинау, граната лақтыру және ату даярлығы. Ойынға қатысушылар “Сұңқарға” жеңіс үшін ғана келгендерін айтады.

Құмарбек Мәжитов, Уәлиханов ауданы құрамасының взвод командирі:
-Автоматты бұзып, жинау есебінен жеңеміз деп ойлаймыз. Ұзақ дайындалдық. Алдыңғы қатардан көрінеміз деген сенім мол. Ол үшін барлық мүмкіндік бар.

Шал ақын ауданының командасы  – тәжірибелі құрамалардың бірі. Өткен ойындарда бірнеше мәрте өзгелерден озып шыққан-ды. Республикалық сайыстарда жеңіске жетіп жүр.  Сондықтан құрама мүшелері үйге кезекті рет топ жарып қайтпақ.

Абзал Ахмадиев, Шал ақын ауданы командасының жетекшісі:
-Біз сайысқа мықты дайындықпен келдік. Сондықтан тағы да жеңімпаз атанатынымызға сенімдіміз.

Бұл – сайыстың алғашқы кезеңі. Алда жас сарбаздарды бірнеше сын күтіп тұр.