МТРА жаңалықтары

«Әйелдер ел байлығын еселейді»

 

 

Бала тәрбиесімен кім айналысуы керек және жүктілік кезіндегі әкенің рөлі қандай?    “Берік отбасы- бақытты болашақ” тақырыбындағы дөңгелек үстел басында осы мәселелер туралы сөз болды.

Сәуле Оразова, «Ақниет Петропавл» ҚБ төрайымы:
-Акцияның басты мақсаты – Елбасымыздың әйел рөлін арттыру бағытындағы салиқалы істерін қолдау. нәзік жандардың әлеуметтік мәселелерді шеше алатын қауқары бар екендігін қоғамға таныту. Отбасы институтын нығайту, әкелерді кішкентайларының тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге үндеу.

Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Елена Дмитриенко жиынға волонтер ретінде емес, аяулы ана, салиқалы әже ретінде шақыртылған. Ол кітапхана мен дүкен сөрелерінде аналарға арналған әдебиеттер мол, әл әкелерге кеңес берер оқулықтар жоқтың қасы дейді. Ал отағасының бұндай сәтте жарына көмекші болғаны абзал. Сондықтан тәжірибе жинақтағанша қажетті білімді кітаптан алу керек дейді жиынға қатысушылар.

Әлия Мәкентаева:
-Мен жүкті болған кезде күйеуім мүмкіндігінше жанымда болуға тырысты. Менің айтқанымды екі еткізбей, жақсы күтті. Күнде кешқұрым таза ауада серуендедік.
Бұндай қолдаумен сәби көтеру кезеңі жеңіл өтті.