Каратешілер жеңісі

МТРА жаңалықтары

17:19 29 Маусым 2010

Күннің аптап ыстығына қарамастан жаттығуға жиналған каратешілердің көңіл күйі көтеріңкі. Қолдарында грамоталары, мойындарында  алқалары бар. 7 спортшыны киелі Түркістан жеріне үкілеп апарған бапкер Асхат Сақыпкереевтің үміті ақталды. Шәкірттерінің ешқайсысы құр қол оралмады. 6 жасар Рамиль Ахметшин үлкен додаға алғаш рет қатысыпты. Катадан бақ сынаған балдырғанның жолы болмаса да, жеңіске деген ұмтылысымен көзге түскен. Сол себепті ерік-жігері үшін оған бір алтын медаль беріліпті.

Рамиль Ахметшин, каратэші:
-Қарсыласым да өзім секілді кішкентай бала болды. Бірақ мен катаны орындаған кезде сәл теңселіп кеттім. Сондықтан да ол мені жеңді.

Қалған ұл-қыздар ката мен кумитеден жақсы өнер көрсетті. Ал Олжас Құсайынов қарсыластарының бәрін таза жеңіспен ұтқан. Түркістандағы жарыс есімде ұзаққа сақталады дейді ол.  


Олжас Құсайынов, ҚР карате-додан ашық біріншілігінің жеңімпазы:
-Жарыстың оңай болғаны қатысушылар аз болды.Кейбір жарыстарда спортшылардың саны 300-ге жетсе, осы жолы 150 ғана болды. Түркістанды аралап естелік сыйлықтар алдық. Жарыс осынысымен ерекше болды.


Сөйтіп Қазақстан Республикасының карате-додан өткен ашық   біріншілігінен 7 каратешіміз 10 жүлде әкелді.

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірдегі тұрғын үй қорының ауқымы
Петропавлда алғашқы қар жауды
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Телефон нөмірін тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалды
СҚО-да жел күшейеді
Еріктілер ұйымдары бірлесе жұмыс істемек
Облыстық әкімдіктің отырысы өтті
Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
Ресейлік инвесторларға “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы таныстырылды
СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды
Аймақ басшысы қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты
«Апталық шолу» бағдарламасы 27.10.19