МТРА жаңалықтары

Жастар нашақорлыққа қарсы

 

 

 

 Халықаралық  нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күні бір алаңда тоғысқан петропавлдық  жас патриоттар  өз болашақтарын есірткімен байланыстырмай, салауатты өмір сүруді қалайтындар.

Жастар:
– Есірткіге қарсы күніне қолдау білдіремін. Қазақстанның, еліміздің есірткіден таза болғанын қолдаймын.

– Есірткіге жол жоқ деп айтамыз.  Жастарды нашарқорлыққа қарсы шақырамыз.

Сап түзеген жастар қала көшелерімен жүріп өтіп,  мерекелік шеру ұйымдастырды. Әрбірінің қолында жалау мен ұран сөздер жазылған плакаттар бар.Олар осылайша бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, берік әрі есірткісіз Қазақстанды қолдайтындықтарын білдіруде. Себебі дені сау ұрпақ қана еліміздің дамуына өз үлесін қоса алады.

Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:
-Қандай да болсын қоғамның болашағы жастармен байланысты. Бізге оның есірткісіз болғаны керек.Тек қана дені сау ұрпақ, еліміздің дамуына үлес қоса алады. Елбасымыз өз жолдауында халықтың 30 пайызы спортпен айналысуы керек дегенді бекер айтқан жоқ. Біз берік Қазақстанды қолдаймыз.

Полицейлердің мәліметтеріне сенсек, облыста есірткіге қатысты 245 қылмыс тіркелген. 87-сі улы затты саудаға шығаруға байланысты. 130 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Десек те өңірімізде есірткімен байланысты  қылмыстар азайған.

Айдар Хабибуллин,  СҚО ІІД ЕҚКБ бастығының міндетін атқарушы:
-Өткен жылы емдеуде 1 360 тұлға тұрған еді. Қазір олардың саны 1 250. Осындай іс-шаралардың жастар арасында ұйымдастырылғаны жақсы. Олар нашақорлықтың жақсылыққа апармайтындығын білетін болады.

Бұл күні сахна төріне шыққан өнер ұжымдары да салауатты өмір салтының тиімділігін көрсетіп, есірткіге жақындамауға  шақырды.