МТРА жаңалықтары

Покровкада жоғары білім беретін үш факультет ашылады

 

 

 


Покровка селосында орналасқан  колледжде оқыған студент орта кәсіптік білім алып шығады. Енді түлектерге оқуын осы колледжде одан әрі жалғастырып, жоғары білім алуға мүмкіндік туады, мұнда жастар өңірде сұранысқа ие 3 мамандыққа   оқытылатын болады.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біз агрономия, ветеринария және механика немесе инженерияны оқытатын боламыз. Біз осы колледжде филиал ашу үшін Түмен, Омбы немесе Астана қаласындағы аграрлық университеттердің біреуін таңдап алуымыз керек.


Жаңа бөлімде барлығы 75 адам білім алмақ. Жоғары білім беру – аса жауапты іс. Оған оқу орнында қажетті материалдық-техникалық база болуы тиіс. Сондықтан да өңір басшысы колледжге МТЗ-80  тракторын және жаңа комбайн аламыз деп айтып өтті. Облыс әкімінің бастамасын жүзеге асыру үшін колледж басшылығы бүгіннен іске жұмылуға дайын.

Бейімбет Бұғасов,  Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры:
-Біздің түлектер Қостанай мен Омбы қалаларында оқуларын жалғастыратын. Бұл сырттай бөлім ашылса жақсы болар еді.

Елена Азаренко:
-Мен колледжді тәмамдағасын агрономия мамандығы бойынша оқуымды Көкшетау қаласында жалғастырдым. Алысқа барып оқу маған қиынға соқты. Сондықтан бұл бастаманың қаншалықты маңызды екенін түсінемін.

Жаңа ашылған бөлімде оқу қазан айынан басталуы тиіс.

 

Тимур Әбдрешев