МТРА жаңалықтары

«Салауатты өмір салты» спартакиадасы

 

 

 

 
Жарыс салық органдарының құрылғанына 19 жыл толуына арналды. Спартакиадаға қатысушылар СҚО салық департаменті, солтүстік, оңтүстік, батыс және орталық аймақ болып 5 құрамаға бөлінді.

Төлеген Қабдөшев, СҚО салық департаменті бастығының орынбасары:
-Шілденің 9-ы біздің салық қызметіне 19 жыл болады. Сондықтан бүгін облыстық жарыс өтуде. Жарысқа ең мықты әріптестеріміз келді.

Жеңіл атлетикадан өткен сында ерлер 1200 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Ал нәзік жандарға қойылған талап сәл жеңілірек. 800 метр қашықтықты Тайынша, Ақжар және Уалиханов аудандары кіретін Оңтүстік аймақтың намысын қорғай келген Нұргүл Сыздықова бірінші болып бағындырды. Ол жүгірумен мектепте оқыған кезінен бері айналысатын көрінеді.

Нұргүл Сыздықова,  жарысқа қатысушы:
-Қарсыластарым мықты болды. Жүгіру қиын емес. Мектептен бері жүгіремін.

Спартакиада қорытындысы бойынша волейбол мен жеңіл атлетикадан І орын СҚО салық департаментіне бұйырды. Шағын футболдан солтүстік аймақ командасы үздік атанды. Шахматтан І орынды орталық аймақ құрамасы еншіледі.

Гүлден Сәрсенбаева