Білім

Жастардың ақпараттық-сараптама орталығы Петропавлда дебат турнирін өткізді.

 

 

Жастар ақпараттық-сараптама орталығының белсенді мүшесі Олег Кисляков  дебаттың басты мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге тартып,  патриоттық сезімді ояту дейді.

Олег Кисляков, жастар ақпараттық-сараптама орталығының  мүшесі:
-Дебатта Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық бірлікті нығайтудағы маңызы айтылады. Сонымен қатар Ассамблеяның аймақтық жастар саясаты бағдарламасында атқаратын рөлі туралы мәселені кеңінен талқылаймыз.

Жастар өздерінің тың идеяларымен бөлісті. Шешендік қабілеттері талай жарыстарда шыңдалып қалған дебатшылар тақырыпты терең талдады.  Спикерлер облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты мен үкіметтік емес жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынас әлсіз деп есептейді.   

Күнсұлу Бектемірова, жастар ақпараттық-сараптамалық орталығының маманы:
-Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар саясаты бағдарламасымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек деп, ебебі жастар саясатқа жаңа серпінді ойлар тастайды деп есептеймін.

Олег Кисляков Ассамблеяны аймақтық жастар саясатының бағдарламасына біріктіру мәселесі  туралы өз пікірін білдіріп, мемлекеттік тапсырыстар бойынша жастар қанатына квота бөлу керектігін айтты.  Сөз додасы тартысты, әрі қызу өтті. Жарысқа қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Гүлден Сәрсенбаева