Спорт

Велошабандоздар жарысы аяқталды



 

 

Соңғы – критериум сыны бойынша велошабандоздар 36 шақырымдық трассаны бағындырды. Қызу бәсекеде қарағандылықтар мен павлодарлықтар қарсыластарына шаң қаптырды.

Юрий Калинченко,  Қарағанды облысы құрамасының бас бапкері:
 – Бұл маусымда сайысты Шымкент шаһарында бастадық. Талғар жарысына қатыстық. Петропавлда өтіп жатқан дода осы маусымдағы үшіншісі.
Біз үшін бұл сайыс сәтті өтуде. Жеңіске жетіп келеміз. Тәрбиеленушілерім бар күштерін салуда.

Жарыс жолы Пушкин, Сүтішев, Интернационал және Павлов көшелері
нің бойымен өтті. Мәре сызығын бірінші болып қарағандылық велошабандоз Алексей Плотниченко кесті.

Алексей Плотниченко, велошабандоз, Қарағанды облысы:
 – Критериум – бұл ең қиын сындардың бірі. Өте қатты шаршадым. Сайыс бойы спортшылар бір-бірлерінен асуға тырысты. Оған қоса, әр айналымда дөңге көтерілуге тиіс болдық.

Марапаттау рәсімі жарыс аяқталғаннан кейін бірден өтті. Жеке бәсекеде жеңіс тұғырына Алексей Плотниченко көтерілді. Ал екінші орынға тағы бір қарағандылық Степан Астафьев ие болса, павлодарлық Виталий Зверьев үшінші орынға шықты.
Жалпыкомандалық есепте астаналықтар қола жүлдеге ие болды.
П
авлодар командасы екінші орынға тұрақтады, ал алтын кубок Қарағанды облысының велошабандоздарына бұйырды.

Жасын Біркенов