Ауа райы

Қазақстан журналистер одағының төсбелгісі екі солтүстікқазақстандық қаламгерге тапсырылды

 

 

 

 Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтау “Достық” үйінде де жалғасын тапты. Онда қалам иелерінің басын Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы қосты.

Галина Воробьева, Қазақстан Журналистер одағы СҚОФ төрайымы:

-Міне жылдағы дәстүрді бұзбай тағы басымыз қосылып отыр. Кешегі күні Астанада журналистерді кәсіби мерекеге орай  марапаттау рәсімі болды. Онда республикамыздың түпкір-түпкірінен келген журналистер Елбасы мен «Нұр Отан» партиясының арнайы сыйлығы және “Нұр Сұңқар” номинациясымен марапатталды.  Алайда оған біздің облысымыздан іліккендер жоқ. Бірақ келесі жылы ол қатардан жерлестеріміз көрінеді деген үмттемін. Бұл жолда аянбай еңбек ету қажет. Ол біздің тілшілеріміздің қолынан келеді. Баршаларыңызды төл мерекемен құттықтаймын.

Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалына мүше журналистердің саны екі жүзге жуық,  кәсіби  мереке қарсаңында олардың екеуі “ҚР құрметті журналисі” төсбелгісімен марапатталды.  Бұдан соң тағы бір топ тілшілер Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының Құрмет грамоталары мен ақшалай және бағалы сыйлықтарына ие болды. Олар “Үздік аудандық газет”, “Серпінді дамушы БАҚ”, “Жылдың ең үздік журналисі” номинациясы бойынша марапатталды.
Құрметке ие болғандар қатарында Муниципалдық телеарнаның шефредакторы Дана Ғизатова мен аға оператор Вадим Блажеевич те бар.
Сондай-ақ осы күні БАҚ өкілдерін туризм және спорт басқармасы мен “СевКазЭнерго” кәсіпорнының өкілдері де құттықтап
, арнайы сыйлықтарын тарту етті.


Самат Есмағи