Спорт

Велошабандоздар Алматыдан жеңіспен оралды

 
 

 

Республикалық спартакиададан жүлделі оралған жерлестерімізді вокзалда туған-туыстары, достары және жаттықтырушылары қарсы алды. Алматы қаласында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда қатысты. Облысымыздың намысын 15 велошабандоз қорғады.   


Данияр Шәкенов, СҚО білім басқармасы аймақтық оқу-әдістемелік орталығының директоры:
-Соңғы екі жылда біздің велошабандоздарымыз тек екінші орынға қол жеткізген-ді. Осы жолы бапкер Виктор Потаповтың еңбегінің нәтижесінде спортшылар бірінші орынға ие болды.

Спартакиада кубогына  ие болу үшін велошабандоздар талай жылдар бойы аянбай еңбек етті.  Облыс құрамасының жеңісіне нәзік жандар да өз үлестерін қосты. 15 жасар Махаббат бұл дүбірлі додадан үш жүлдемен оралды. Үш жыл бойы жаттыққан жас велошабандоз сайыстың оңай болмағанын айтады.

Махаббат Үмітжанова,  республикалық спартакиада жеңімпазы:
Қиын болды. Негізгі қарсыластарымыз алматылықтар мен қарағандылықтар болды. 3-ші орынға топтық жарыста ие болдым. Екінші орынға жеке сайыста, ал біріншіге командалық додада ие болдым.

Енді жеңімпаздар оқушылар арасында өтетін тас жолдағы спартакиадаға дайындықтарын бастамақ. Бұл жарыс Петропавлда өткізіледі.

Жасын Біркенов