Бизнес және экономика

Петропавлда зейнетақы инвестициялары күні өтті

Ұйымдастырушылар салымшыларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді жеткізбекші. Мұндағы мақсат – халықтың заң саласындағы білімдерін еселеу. 11 жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері қала тұрғындарына құнды қағаздар нарығы, жеке идентификациялық нөмірлер бойынша жаңа жүйеге ауысу сияқты бірқатар мәселелер туралы  жан-жақты мәлімет берді.

Нелли Кукушкина, СҚО сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы:
 – Көбіне тұрғындар қай зейнетақы қорын таңдау тиімді болады деген сұрақтар қояды. Бұл сауалдарға жауап беру үшін азаматтар қаржылық сауатты болуы керек. Бүгінгі күнге дейін біз 160 семинар өткізіп, 60 мыңдай адамды оқыттық.

Мұнда өз болашақтарын бүгіннен ойлаған адамдардың қатары қалың болды. Олар қартайғанда заманға сай зейнетақы алу үшін не істеу керек деген сұрақтарына тұшымды жауап алды.  

Наталья Паршина, қала тұрғыны:
– Өңірімізде қанша зейнетақы қорлары жұмыс істейтіні туралы білдім. Осы орайда көптеген маңызды мағлұмат алдым. Ақшаны қандай қорға жинаған дұрыс. Осы жағын салмақтадық.

Сөйтіп, ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын арттыруды мақсат етіп отыр. Осы іспеттес шаралар бұл күні еліміздің 17 қаласында өтті.

Жасын Біркенов