Қоғам

Жастар бірлікті қолдайды

 
 

 

 

Қазақстанды 100-ден аса ұлт өкілдері мекен етеді. Елімізде әр ұлттың өз тілін біліп, салт-дәстүрін сақтауына жағдай жасалған. Қазақ халқы әр кезде әр түрлі жағдаймен елімізге көшіп келген өзге ұлттар өкілдерін барымен бөлісіп, жатсынбай қарсы алды. Бүгінде осы бауырластық сақталып отыр. Осы ауызбіршілікті сақтау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы керек. Бұл үшін мектептер мен оқу орындарында ұлтаралық досттықты өркендетуге бағытталған шараларды жиі өткізіп тұрған жөн дейді кейінгі толқын өкілдері.

Шыңғыс Дәулетбаев, “Жас Отан” ЖҚ СҚФ белсендісі:

-Елбасы ұлтаралық қатынасты одан әрі нығайту керегін айтты. Сондықтан біз жастар бірігіп, шаралар атқаруымыз керек.

Ата-аналар балаларын ұлттар достығын сақтауға, бағалауға үйретулері керек. Өзгенің тілін, дінін құрметтеу балабақша, мектепте оқытылуы тиіс деді кездесуде ой бөліскендер.

Маржан Жанбатырова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

Менің тобымда қазақ, орыс, өзге ұлттар да бар. Барлығымыз тату өмір сүріп жатырмыз. Қырғызстандағыдай жағдай болмауы үшін біз татулықты сақтауымыз керек.

Конференцияға жиналғандар – үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, оқытушылар, студенттер қазіргі қоғамдағы ұлтаралық төзімділік, татулықты сақтаудағы жастар, Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі туралы баяндамалар жасап, осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Әсем Сембина