Қоғам

БАҚ және нашақорлықпен күрес

 
 

 

Жас тілші Жарқын Жұпархан нашақорлық мәселесі баспасөз беттерінде барынша жиі көтерілуі тиіс дегенді қолдаушылардың бірі. Өз тәжірибемде бұл тақырыпқа кеңінен қалам тербейтін боламын дейді ол.

Жарқын Жұпархан,  облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі:
-Жаңа айтылып жатты нашақорлыққа қатысты беттер, бағдарламалар ашылды деп. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені халыққа болып жатқан оқиғаны жеткізетін БАҚ. Ұйымдастырушылар мұны ауылдарда да өткізуі керек. Өйткені көбіне ауыл жастары қоғамға бейімделе алмайды.

Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күні қарсаңында «Поиск молодых и здоровых» жастар ұйымы белсенділік танытты. Олар журналистер қауымымен өткен кездесудің пайдалы болатынына сенімді.

Данис Нурмухамбетов, «Поиск молодых и здоровых» қоғамдық жастар ұйымы төрағасының орынбасары:
Бүгінгідей шара облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясына сәйкес нашақорлық жайлы ақпарат таратудың кейбір тезистері жайлы айтқымыз келді.

Нашақорлықт жайлы сөз қозғағанда баспасөз өкілдері жол бермеуі тиіс бірқатар ережелер бар екен. Мәселен, беделді адамдардың есірткіге әуестігі жайлы айтпау, баспасөз өнімдерінде наша түрлерін мадақтамау, есірткіге қатысты терминдерді шатастырмау сияқты талаптар бар.

Әлия Ешпенова, СҚО ІІД есірткімен күрес басқармасының инспекторы:
іздің басқарма салауатты өмір салтын насихаттауда көп жұмыс атқарады. Қала мен облыстардағы оқу ошақтарында түрлі алдын алу шараларын өткіземіз. Жыл басынан бері нашақорлардың қатысуымен болған 240-қа жуық қылмыстық факті анықталды. Заңсыз саудада жүрген 145 келідей әр түрлі есірткі заты тәркіленді.

Семинарда қалам мен микрофон иелерінің шығармашылық қызметіне сын тағылған жоқ. Әйтсе де азды-кемді кемшіліктердің орнын толтыра алатын ұсыныстар
берілді.

 Кәусар Аяпбергенқызы