ТКШ

Жылу құбырлары жаңартылып жатыр

 

 

 

 

Биыл Брусиловский көшесінде жылу магистралі жаңартылуда. Отыз бес жыл бұрын төселген құбырлардың тозығы жеткен. Олар заман талабына сай жасалған жаңа құбырларға алмастырылып жатыр. Пенополиуретанмен қапталған құбырлардың диаметрі де үлкен – 400 мм. Бұл өз кезегінде жылумен қамтамасыз ету сапасын едәуір арттыра түспек. Өткен қысқы жылыту маусымында осы аудан тұрғындары баспананың суықтығына көп шағымданған болатын.

Андрей Калиничев, “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
-Бұндай диаметрлі құбырларды біз алғаш рет төсеп жатырмыз. Бұған дейін жылу таратушы желілер 250 мм-лік құбырларға ауыстырылды. Барлығы бес шақырымға төселді. Енді биылдан бастап, жылу магистральдары жаңартылып жатыр.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Үстіміздегі жылы Парк көшесінен 314-ші атқыштар дивизиясы көшесіне дейінгі учаскеде жылу магистралі ауыстырылады. Қалпына келтіру шараларына 122 млн. теңге жұмсалмақ. Ал 2011 жылы 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінен Осипенкоға дейін жаңа құбырлар төселеді.
Жоба құны – 233 млн. теңге. Бұл күндері қалпына келтіру шараларына байланысты осы аудандағы көпқабатты үйлерде ыстық су тоқтатылды. Бұл жұмыстар жоспар бойынша қазан айында аяқталуы тиіс болатын. Алайда энергетиктер тамыздың жиырмасына дейін тәмамдаймыз деп отыр. Ал аталған ауданның тұрғындары шамалы уақыт ыстық сусыз шыдаймыз, есесіне қыста баспанамыз жылы болады деп отыр.

Тұрғындар:
Құбырларды ауыстыру керек. Олар ескірген. Сондықтан біз тек қолдаймыз.
Бұл жақсы. Ертең қыста үйіміз жылы болады ғой.

Энергетиктер болашақта 10-12 учаскеде тозығы жеткен жылу магистральд
арын ауыстыруды көздеп отыр. Бұл негізінен қаланың орталық бөлігі.

Айымгүл  Әбілева