Құқық қорғау органдары

Қызметін салғырт атқарып, заң бұзуға жол берген

 Шал ақын ауданында барлығы 30 мемлекеттік органның жұмысы бақылауға алынды. Оның барысында  екі күннің ішінде 55 кемшілік анықталды. Ал өткен жылы болған тексеріс кезінде бар болғаны 6 заң бұзу фактісі тіркелген-ді. Бір қызығы, осы 55 кемшіліктің бір де біреуі осы күнге дейін жойылмапты.

 

Болат Жұмабеков, облыс әкімі аппаратының жетекшісі:
-Әкім аппаратқа тапсырма береді, олар маманға тапсырады, мамандар орындамайды, яғни бұны бассыздық деу керек.

Бірлескен отырыста бірнеше мемлекеттік қызметшінің ісі қаралды. Шал ақын ауданындағы Юбилейный ауылдық округінің бас маманы Антонина Опперман қызметіне салғырттық танытқан екен. Бұл жұмысқа ол 2004 жылы тұрғанымен, өзінің қарамағындағы 2 қызметшінің құжаттарын мүлдем қарамапты. Бірлескен кеңесте оған сөгіс жариялаанды.  Ступин ауылдық округінің бас маманы Күлпан Тұяқованың жұмысында да осындай кемшіліктерге жол берілген. Новопокров ауылдық округі әкімдігіне Талғатбек Қожахметовтың жұмысқа тұрғанына 2 жылдан асты. Алайда мемлекеттік қызметші  өзінің иелігіндегі жер үлесін  жақында ғана біреудің басқаруына өткізіпті. Кеңес соңында Шал ақын ауданының әкімі Азамат Әмрин сөз алып, барлық кемшіліктерді жуық арада жоюға уәде етті.

Тимур Әбдрешев