Қоғам

Соғыс өрті шарпымаған отбасы жоқ

 

 

Ұлы Отан соғысы басталғанда Любовь Николаевна он жаста ғана болса, сіңлісі Вераның жетіге шыққан кезі екен. Қырық бірінші жылдың жиырма екінші маусымын еске алғанда еріксіз көздеріне жас үйіріледі. «Соғыс басталды» деген хабар бүкіл дүниенің астан-кестеңін шығарғандай болды.

Вера Яковлева:
-Қала ішінде алапат дүрбелең басталды. Бірден балаларды көшіре бастады. Вокзал айғай-шуға, өксікке, жылаған балалар мен әйелдердің даусына толып кетті. Бірақ біз кеткен жоқпыз. Отбасымызбен түгел қалдық.

Әкелері бірден қан майданға аттанады. Төрт баламен   анасы мен әжесі қала береді. Қоршауда қалған қалада ашаршылық басталады.
Алдымен төрт жасар сіңлілері Оля, кейін әжелері аштықтан көз жұмады.

Любовь Яковлева:
Қалада сұмдық аштық басталды. Сіңлім менен нан сұрайтын. Мен оны қайдан табамын. Үнемі аш жүретінбіз. Әжеміз өзі жемей, бізге беретін.

Аналары жұмыс істеген зауыт қырық екінші жылдың тамызында
тылға көшіріледі. Сөйтіп, бұл отбасы қырық алтыншы жылға дейін Новосібір облысында өмір сүреді. Кейін Петропавлға көшіп келеді. Бұл жерде Куйбышев атындағы зауытта апалы-сіңлілілер зейнетке шыққанша еңбек еткен. Қариялар өздері көрген қиындық, қайғы-қасірет енді қайтып келмесін деп тілейді.

Айымгүл  Әбілева