Билік

Елбасымен тікелей эфирге әзірлік



 

72 инновациялық жоба еліміздің қарыштап дамуына үлкен жол ашпақ. 10 мың адам жұмыспен қамтылуы тиіс. 30 кәсіпорын бүгінде өндірісті бастап та кетті. Ал жалпы жұмыстың осы күнде 97 пайызы орындалды. Селекторлық байланысқа шыққан 14 облыстың әкімдері 1 шілдеге дейін белгіленген жоспарды толық орындаймыз деп уәде етті. Біздің облыста да бұл жұмыс жүйелі атқарылуда.

 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Бірінші жартыжылдықта 6 жобаны жүзеге асырамыз.
Оның біреуі іске қосылды. Қалғандарында жұмыс тобының шешімдері бар. Олар да жақын арада қабылданады. Елбасымен болатын телекөпірде “ЗИКСТО” зауытының астық тасымалдайтын вагон өндірісін таныстыратын боламыз.

Телекөпір маусымның 28-і өтпек.  Еліміздің 16 өңірі  Елбасымен тікелей байланысқа шығады. Бұл ауқымды жұмысқа дайындық кеңес барысында пысықталды.

Тимур  Әбдрешев