Бизнес және экономика

Салығыңды төлеуді ұмытпа

 

 

Бүгінгі мерзімді басылымдардың қайсысын ашып қарасақ та,  іші толған жарнама. Нарық заманында әрбіреу  өз өнімін, не болмаса көрсететін қызметін ұсынып жатады. Алайда кейбір шағын бизнес иелері пайданың соңына түсіп, салық органдарына тіркелуден қашқақтайды, не болмаса қажетсіз деп санайтын көрінеді.

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:
-Арнайы салық режимдері бар, патент, жеңілдік декларациясы сияқты. Осындай арнайы салық режимдерін қолданса, салықты өте аз төлейді. 2-ақ пайыз.
Оның 1 пайызы жеке табыс салығы болса, 1 пайызы әлеуметтік пайыз.

Алайда жеке кәсіпкер патентін алғандарының біразы бұны
да көпсініп, өздеріне ор қазып жатады екен.

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:
– 30 күнге дейін кешігіп келсе, 10 есептік көрсеткіш бойынша, егер де 30 күннен асса, 20 есептік көрсеткіш бойынша айып төлейді.  

Бұндай жағдай қайталанатын болса, заң бойынша айыппұл екі есеге артады. Аталған сома өтеліп болғанға дейін кәсібіне жеңілдетілген салық төлеуді растайтын құжат берілмейді. Ал 2007 жылға дейін патент бойынша жеке ісін дөңгелетіп жүріп, жаңасын алуға үлгермегендер автоматты түрде жалпы режимге ауыстырылып, салықты 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  төлеуге мәжбүр болады. Бұл ісін тоқтатып, жеке кәсіпкер құжатын жапқандарға да қатысты. Салық кодексінде тіркеуден шығып, бизнесін уақытша тоқтатамын дегендерге де арнайы жоба бар.

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:
 -Бұл жоба бойынша өтініш беріліп, салықтың бәрі төленеді. 1 жылдан 5 жылға дейін тоқтатамын деген өтініш жазса, ол кісілер табыс салығын төлемейді.


Тіркелу талаптары бойынша толық ақпаратты “салық СКО KZ” сайтынан білуге болады.
 

ЖеңісЕрмұқанов