Ауыл шаруашылығы

«Арқалық» – қымыз өндірісін дамытуда көшбасшы

 

 

Мамлют ауданындағы Андреевка елді мекенінде өткен жылқы шаруашылығын дамыту жөніндегі  үйлестіру кеңесінің отырысына алматылық және облыс ғалымдары қатысты. Қазіргі таңда елімізде 1,5 миллиондай жылқы бар. Егер бұл сала тиісті деңгейде қаржыландырылса, оның саны 5-6 жыл ішінде 2 млн.-ға дейін жетеді  дейді ғалымдар.  


Игорь Нечаев, ҚР ҰҒА академигі:
Басты проблема біздің үкімет жылқыға көп көңіл бөлмейді. Егер бұл салаға баса назар аударылып, ветеринарлық жұмыс дамыса, біз шетелге де шығамыз. Шетелде жылқы еті қымбат тұрады. Елімізге қанша пайда түсер еді.

Екіншіден, ірі шаруашылықтарда асыл тұқымды қамбар ата төлін дамытуды қолға алған жөн дейді ғалымдар.

Григорий Сизонов, үйлестіру кеңесінің төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы:
– СҚО ресейлік жылқыларды сатып алып келеді. Менің ойымша, тұқымы асыл жануарларды әкелген дұрыс болады. Бұл тұқымдар халық байлығы емес пе?!  


Ғалымдардың айтуынша, жылқы шаруашылығын әсіресе өнім өндіретін сала ретінде дамыту қажет. Осы орайда олар “Арқалық” қожалығының қолға алған ісіне оң бағасын берді. Ш
аруашылық жылқы өсіруді 2004 жылы бастаған. Ал осыдан 3 жыл бұрын қымыз өндіруге де ден қойды. Қазіргі таңда “Арқалықтан” Қарағанды облысы үлгі алып, маңғыстаулықтар да осындай өндірісті кеңейте түсті. Бүгінгі күні қожалықтағы шағын зауыт тәулігіне 100-200 литр шипалы сусын шығарады.

Нағашыбай Барлыбаев,  “Арқалық” шаруа қожалығының басшысы:
Қазір біз қымызбен Ақмола, СҚО, Ресейді қамтамасыз етіп жүрміз. Айына 4-4,5 мың литр қымыз шығады.

Бұл шипалы сусын алуан түрлі ауруларды емдеуге  септігін тигізеді. Сондықтан оның негізінде емханалар тұрғызу қажет деп атап
өтті академиктер. Ал бұл ретте облыс орталығында қымыз және сазбен сауықтандыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл шағын емдеу мекемесінің  бой көтеруіне “Арқалық” шаруа қожалығы 60 миллион теңгеден астам қаржы бөлген. Қазір оның 15 пайызы игерілді. Мердігерлер өткен жылдың тамыз айында басталған бұл істі 2011 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Александр Юкиш, “Раско” ЖШС директоры:
– Ғимарат 4 деңгейден тұрады. Жертөледе сазбен емдеу орны болады. Сазды Меңкесерден алып келу көзделіп отыр. Екінші деңгейде “Арқалық” шаруа қожалығының ет, сүт, қымыз сияқты өнімдерін сататын дүкен болады. Үшіншісінде ойын кешені орналаспақ. Атап кету керек, мұнда алкогольді ішімдіктер сатылмайды. Ал төртіншіде қымызбен емдеу бөлмелері болады.

Алматылық ғалымдардың айтуынша, бүгінгі күні мұндай емдеу орны Қазақстанда жоқ. Сондықтан бұл сазбен әрі қымызбен емдейтін орталықтың м
аңызы зор болмақ. Алдағы уақытта қожалық  асыл тұқымды жылқылардың саны мен түрін көбейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ, сүт, ет өнімдерінің көлемін ұлғайтумен қатар, балалар тағамын, косметикалық және фармацевтикалық өнімдер шығаруда бие сүтін қолдануды жоспарлауда. Ғалымдар осы бағытты қолдауға тырысамыз деп уәделесті.

Жасын Біркенов