Құқық қорғау органдары

Кәсіби мерекеге арналған «Ашық есік» күні

 

«Ашық есік» күнін полицейлер жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Ондағы басты мақсат – халыққа ішкі істер органдарының жұмысын көрсету. Сондықтан келушілерге тәртіп сақшылары бар мүмкіндіктерін паш етті. Бәрінен де үлкен-кішіге ұнағаны қызметтік-іздестіру иттерінің  жұмысы болды. Сонымен қатар, полицейлерге талай жыл    қызмет етіп келе жатқан автокөліктердің көрмесі ұйымдастырылды. Онда жол полициясы басқармасының диагностикалық және жедел басқару жылжымалы автокөлігі мен криминалистердің жылжымалы зертханалары бар. Сондай-ақ , қылмыскерлерден тәркіленген қарулардан жабдықталған стенд те көптің назарын аударды.  Тәртіп сақшыларының көрмесін тамашалауға әскерилер де келді.

Қапез Дәулетбаев, СҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары:

-Бұл шараға  6637 әскери бөлімінің сарбаздары да арнайы келді. Болашақта олар біздің қатарымызға қызмет етуге келеді деген үміттеміз, сонымен қатар бүгін келген оқушылар да болашақта ішкі істер органдары қатарын толықтырып, елімізге қызмет атқаратынына сенімдіміз.

 
СҚО ІІД-нің арнайы мақсаттағы «Арлан» бөлімінің жігіттері өздерінде бар жаңа күзет және қорғаныс құралдарын ортаға шығарса , ең соңында қонақтар СҚО ІІД-нің Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.  
 

Гүлнар Мұқамеджанова