Бизнес және экономика

Қыстың қамын жаз ойла.

 

 

 

 

 Өткен қыс қатты болды. Десек те, қалада үйлерге жылу берілмей қалған күндер болған жоқ. Бірақ баспаналары суық болып, мұрындары жылынбағандар   көптеген шығымдар түсірген. Қазір өтініштер мен шығымдар сарапталып, тиісті шаралар қолға алынып отыр дейді қала әкімінің орынбасары Антон Макаров. Жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорын бұл жұмыстарды биылғы инвестициялық бағдарламасына енгізген.

Антон Макаров, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
Бүгінде Брусиловский көшесінде жұмыстар басталып кетті. Бұл жерге төселген жылу құбыры диаметрі үлкенірек трубаларға ауыстырылады. Осы жұмыстар солтүстік бағытта да жалғасады. Жалпы жылу беруші кәсіпорын қысқы жылыту маусымына әзірлік шараларына 220 млн. теңге құймақ.

Жылу есептегіш орнату жұмыстары биыл да жалғасын табады. Облыс орталығында 1022 тұрғын үй болса, оның тек 237-де ғана
осындай құрылғылар орнатылыпты. Тұрғындарға жылу есептегішті қоюдың тиімділігі түсіндіріліп жатқанымен, бұл жұмыс баяу жүріп жатыр. Жеке пәтер иелері кооперативтерін құру мәселесі тағы бар. Осы күні 534 үйде ғана бұндай ұйым жұмыс істейді.
 

Антон Макаров, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
-Бұл қазір күн тәртібінде тұрған мәселе.
Қалалық әкімдікте тұрғын үй инспекциясы құрылды. Бұл жерде азаматтардан түскен өтініштер қаралып, оларға көмек көрсетіледі. Ал қаржы жеке пәтер иелері кооперативінің есепшотына аударылады. Бүгінде бұндай ұйым құруды тездету үшін құжаттар қабылдап жатырмыз.


Қалалық әкімдікте жұмысқа кіріскен арнайы штаб мүшелері қысқы жылыту маусымына дайындық шараларын апта сайын пысықтайды.

 

Айымгүл Әбілева