Мәдениет

Облыстық “Жас дарын” фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

 

 

 


Фестиваль жас ақындар мен әншілер, суретшілердің басын қосты. Оған өңіріміздің 13 ауданы мен облыс орталығынан 80 өнерпаз қатысты. Олардың ішінен   25-і ғана  әділқазылардың сараптауынан өтіп, жүлделі орындарға ие болды. «Үздік әдеби шығарма» аталымында Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенкөлден келген Амангелді Оқас көш бастады.

Амангелді Оқас, СҚО “Жас дарын” шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы:
  Жастар  арасында өтіп жатқан байқау болғандықтан махаббат тақырыбындағы өлеңімді ұсындым.
Жалпы махаббат тақырыбы жастарға жақын .Әркімде болатын жағдай ғой. Бұл студент кезімдегі өлеңім.Жаныма жақын болғандықтан осы байқауға жібердім.


Ал Қызылжар ауданының намысын екі бірдей өнерпаз қорғады.
Сайысқа үкілеп әкелген үміткерлерінің шеберліктері көптің көңілінен шыққанын Серік Өтепбергенов мақтанышпен айтады.

Серік Өтепбергенов, Қызылжар аудандық мәдениет үйінің директоры:
– Жастарымыз өз өнерлерін жақсы көрсетуде.Ал біздің Қызылжар ауданынан Бейбіт Қабдолбариев халық әні “Ай қаракөзбен” көрермендерді таң қалдырды.
Одан кейін Әскербеков Уәлихан деген жігітіміз домбырамен күй тартты. Жүлделі орыннан тағы да үміткерміз.


Шығармашыл
 жастарды қоғамдықмәдени жұмысқа тартуды “СҚО студенттер альянсы ” жастар қоғамдық ұйымы қолға алған. Олар фестивальға қатысушыларға естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздарын тапсырды.   

 

Гүлнар Мұқаметжанова