Қылмыс

Петропавлда тағы бір алаяқ ұсталды

 

 

 

 

Батысқазақстандық алаяқ тәртіп сақшыларының назарына мамыр айының соңында ілігеді. Оған қала тұрғындарынан   көптеген арыздардың түсуі себеп болған. Жәбірленушілер  оңай алданған. Алаяқ қалалықтардың қалтасын қағу үшін  облыс орталығында пәтер жалдап, жұмыс іздеп жүрген адамдарды газеттердегі хабарландырулар арқылы тауып алып, телефон арқылы оларды жұмысқа орналасуға шақырған. Өзінің Петропавлда медициналық орталық ашып жатқанын, жедел медициналық көмек автокөліктеріне жүргізушілер керектігін айтқан. Бірақ ол үшін тез арада   медициналық комиссиядан  өту керектігін алға тартып, көмегін ұсынады. Қызметін 5000 теңгеге бағалайды. Ақшаны алғаннан соң із-түссіз жоғалып отырған. Сонымен қатар айлакер  азаматтардың ұялы телефондарын да олжалау үшін дәмханада  бағалы ұялы телефондары бар адамдарды аңдыған. Кейін өз телефонының істемей қалғанын айтып, көзі түскен адамнан қоңырау соғуға ұялы телефонын сұрап алып, оқиға орнынан ізін жасыруға әбден машықтанып алады.

Арман Жанақов, Петропавл қалалық ІІБ ТБ тергеушісі:

-Бұрын сотталған,  қазіргі кезде оның үстінен 5 бірдей алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.


Қолға түскен күдіктіден полицейлер құны 40 және 60 мың болатын екі ұялы телефонды тәркіледі. Атыраулық жігіт өз кінәсін мойындап, мен бұл іске мәжбүрліктен бардым дейді.

Күдікті:

-Мен мұында жұмыс істеуге келгенмін. Жұмыс таба алмадым. Ақшамды жоғалтым алдым. Сосын ауылға кететін ақша керек болды.


Полицейлер қолға түскен азаматтың өзге де фактілерге қатысы бар болуы мүмкін деген болжамдар жасауда. Сондықтан жұмыс іздеп, жоқ жерде алаяқтың арбауына түсіп
, ақшасынан қағылған азаматтар болса, 39-48-32, 49-36-85, 49-39-49 немесе 102 нөмерлеріне қоңырау шалып, хабарлай алады.

 

Гүлнар Мұқамеджанова