Қоғам

Петропавл Германиямен бауырласады

 

2010 жыл – неміс пен қазақ халықтары үшін үлкен маңызға ие. Биыл Қазақстандағы Германия жылы. Осыған орай неміс елшісі Райнер Шлагетер біздің облысқа арнайы келді. Мәртебелі мейманды облыс әкімі қабылдады.  

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
іздің облыста 100-ге  жуық ұлттар татутәтті тұрып жатыр. Елбасымыз осы мәселеге көп көңіл бөледі. Неміс ұлты өкілдерінің де өңірдің гүлденуіне қосқан үлесі зор.

Кездесуде әріптестікті дамыту мәселесі әңгіме өзегіне айналды. Облыс әкімі елшіге бірнеше ұсыныстар жасады.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Петропавлмен Германияның бір қаласын бауырлас қылсақ. Бұл өзара әріптестіктің дамуына үлкен серпін берер еді.

Райнер Шлагетер
, Германияның Қазақстандағы елшісі:
ауырлас қалалар идеясы маған қатты ұнады. Осындай қадам жасасақ, екі қаланың халқына бір-бірін жақсылап тануға мүмкіндік жасалады.

Сондай-ақ алдағы уақытта біздің облыста неміс орталығы ашылмақ. Онда кез-келген адам сол халықтың тілін
, тарихын, мәдениетін танып біле алады. Германиямен қарым-қатынас біздің облыста бірнеше бағытты қамтиды. Соның бірі – денсаулық сақтау жүйесінде әріптестік қазірдің өзінде бар.

Ерік Байжүнісов
, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
із Г
анновер қаласының дәрігерлерімен әрдайым телекөпірге шығып, пікір алмасып тұрамыз. Ал шілде айында біз 6 адамнан тұратын топты сол қалаға жібермек ойымыз бар. Меморандумға да қол қоямыз. Өзара тәжірибе алмасуға бұл зор септігін тигізбек.

Кездесу соңында аймақ басшысы елшіге
ақ қайыңдар өлкесі жайлы альбомды сыйға тартты. Мағжанның өлең жинағы да мейманның жеке кітапханасынан лайықты орын алмақ.

Тимур Әбдрешев