Билік

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 

 

2009 жылғы облыс бюджетінің орындалуы ойдағыдай болды. Қаржы басқармасының бастығы Ольга Перепечина осындай қорытынды жасады. Елбасының Жолдауына сәйкес ақшаның басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды. Бұл шамамен 46 миллард теңге. Денсаулық сақтау жүйесіне 16 милиард теңге бөлінді. Дегенмен, кемшілік жоқ емес.

Ольга Перепечина,  облыстық қаржы басқармасының бастығы:
-Өткен жылы облыс қазынасы 71 миллиард теңгені құрады, оның  0,9 пайызы орындалмай қалды, сөйтіп, 669 миллион теңге игерілген жоқ.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Алғиса Сарбасов ауылдық аймақтардың соңғы үш жылдағы даму барысы туралы баяндады. Биыл ауыз су тартуға 170 миллион, ал жолдарды жөндеуге 50 миллион теңге бөлінді. Бизнеске өткен жылы 400 миллион теңге шамасында жұмсалды. Алайда, Жамбыл ауданында шешімін күткен проблемалар  аз емес.  
Мәселен,  мектептерде 26 мұғалім  жетіспейді. Ауданда   қоғамдық монша біреу ғана. Отырыста төрт түлік малдың басын көбейту жағы да айтылды. Бұл бағытта оң жаңалық көп. Өңірде биыл жұмыртқа өндірісі 59 пайызға ұлғайыпты.
Агрокешен саласындағы жалпы жағдай көңіл қуантпай қоймайды.

Рашид Сюникаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:
-2007 жылы мал шаруашылығына 193 миллион теңге бөлінді. Ал биыл бұл сома 1 миллиард 147 миллион теңгеге дейін жетті.

Тұрақты комиссиялардың отырысына шығарылған осы үш мәселе енді маусымның 18-і облыстық мәслихаттың сессиясында талқыланады.   

 

Тимур Әбдрешев