Құқық қорғау органдары

Нотариустар мен адвокаттар қызметі жаңа тәртіпке көшеді

 

 

Нотариат пен адвокатура туралы заңнамаға айтарлықтай өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Осы орайда нотариустардың санын көбейту көзделген, бірақ оларға қойылатын талап та күшейтілмек.

Степан Зайтлер,  СҚО әділет департаментінің бастығы:
– Жаңа заң жобасына сәйкес нотариус қызметін атқару үшін ҚР азаматының жоғары заңгерлік білімі болып, ол әділет министрлігінің жоғары аттестациялық комиссиясынан өтуі қажет. Сондай-ақ болашақ нотариустар кем дегенде 1 жыл сынақ мерзімінен өтуге міндетті. Осыдан кейін ғана оларға қызмет етуге рұқсат беріледі.

Айта кету керек, бұл қызметпен 25 жасқа толған азаматтар ғана айналыса алады. Бұның барлығы нотариустардың білім сапасын арттыру үшін жасалып отыр. Бүінгі күні біздің облысымызда олардың саны не бары 58 ғана, ал республика бойынша 4 мың адамның  лицензиясы бар. Алайда олардың жартысы жұмыссыз отыр. Ал адвокаттар көрсеткен қызметтері үшін қорғалушылардан қолма-қол ақша ала алмайтын болады. Яғни бұл жұмыс касса арқылы ғана жүзеге асады. Сондай-ақ олар ұдайы арнайы тестілеуден өтіп отыратын болады.

Алексей Шипп, СҚО адвокаттар коллегиясының төрағасы:
– Егер бұрын біз күдіктілерді ғана қорғасақ, қазір жәбірленушілерге де қызмет көрсете аламыз. Бұл жаңашылдық. Сонымен қатар ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілген жандарға, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және тағы да бірқатар азаматтарға көмек тегін көрсетіледі.

Қазір заң жобасы Үкіметте қаралып жатыр.

Жасын Біркенов