Денсаулық сақтау

Маусымның үшінші жексенбісі – дәрігерлердің кәсіби мерекесі

 

 

Бұл  аурухана әскери салада қызмет етіп жүрген азаматтар мен оның зейнеткерлеріне арналған. Әскери қызметін прапорщик болып  аяқтаған Ноғай атай да мұндағы дәрігерлерді өз отбасының мүшесіндей көреді.

Ноғай Жамалиев, зейнеткер:
-Уақытында дәрі-дәрмек болсын тауып береді. Бұлар бізге жақсы қабақпен қараса, біз де көңілденеміз. Оларды мейрамдарымен құттықтаймын, денсаулық тілеймін.

1993 жылы ашылған госпитальда науқастарды 30 адамға шақталған терапия бөлімшесі қабылдайды.   Мұнда барлығы 97 қызметкер жұмыс істейді. Бөлімше меңгерушісі Қайрат Махмұтов мұндағы науқастар әскери қатаң тәртіпке үйренгендіктен бізден де  сол талап етіледі дейді.

Қайрат Махмұтов, терапия бөлімшесінің меңгерушісі:
-Госпитальда жүрек ауруы, қан қысымымен ауыратындар, өкпеге суық тигендер, асқазан ауруымен ауыратындар –  солардың бәрін қабылдаймыз.

Бұл денсаулық мекемесінде дәрігерлер мен емделушілер бір-бірін жақсы таниды.  Өйткені зейнеткерлер жылына екі рет міндетті тексерістен өтеді. Былтыр ауруханаға бес жас дәрігер келген. Солардың бірі  – Қарағанды медицина институтының түлегі Тілеген Сарбасов.

Тілеген Сарбасов, ІІД госпиталінің тіс дәрігері:
-Бізге ІІД қызметкерлері, зейнеткерлер, олардың отбасылры келеді. Оларға да басқаларға сияқты қызмет көрсетеміз. Өз мамандығымды жақсы көремін, жас кезімнен армандағанмын.

Д
әрігерлер ауылдық жерлерде тәртіпті бақылап жүрген полицейлерді де ұмытпайды. Жыл сайын тіс, көз дәрігерлері, хирургтар аудандарға шығып, тәртіп сақшыларының денсаулықтарын тексеріп қайтады.

Еркін Сералин, СҚО ІІД медицина қызметінің бастығы:
Мұндай тексерістер кезкелген аурудың алдын алуға көмектеседі. Былтыр 3 адамның СПИД-ке шалдыққанын анықтаған болатынбыз. Оларға бірден қажетті ем жасалды.  Биыл ондай ауру байқалған жоқ.

 Дәрігерлер  кәсіби мерекені көңілді атап өтудің жоспарын ойластырып та қойыпты. Бірақ біз үшін басты қуаныш  халықтың амандығы дейді олар.

Кәусар Аяпбергенқызы