Денсаулық сақтау

Денсаулық күзетінде

 

 

 

  

Марияш Күзенбаева – облыстық аурухананың функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер. Таспаға жазылған жүрек соғысының диаграммасын оқып, талдайды. Кейін дәрігер осы сызба бойынша науқасқа ем түрін белгілейді. Медицинадағы еңбек жолының 23 жылын науқас дертіне себеп болған факторды анықтауға арнаған ақ халатты абзал жан диагностиканың қыр – сырын жақсы біледі. Оның 9 түрі бар. Айта кету керек, бөлімше жүрек, өкпе, тамыр ауруларын анықтайтын барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.  Осы бөлімшеде қызмет ететін тәжірибелі мамандардың бірі Роза Баелова  – І санатты дәрігер, еңбек жолын бастағанына 12 жыл.    Әріптесі Марияш Күзенбаевамен талай дерттің себебін тауып келеді. Мұнда жемісті еңбек етіп жүрген жастар да жоқ емес.

Ардақ Әбділманова, облыстық аурухананың функционалдық  диагностика бөлімшесінің медбикесі:
– Функционалдық диагностика бөліміне 6 жыл бұрын келдім,  кардиограмма жасаймыз.


Денсаулық сақшылары  үшін кәсіби мереке қарсаңында да жұмыс күні әдеттегідей қарбаласқа толы.

 
Роза Баелова – облыстық аурухананың функционалдық диагностика бөлімшесінің дәрігері:
-Келе жатқан мерекемен барлық дәрігерлерді құттықтаймын. Ашық аспан, денсаулық тілеймін.   Еңбегіміз жемісті болсын.


Дәрігерлер кәсіби мереке күні табиғат аясында демалғаннан артығы жоқ дейді.

Гүлден Сәрсенбаева