Билік

Облыстық мәслихаттың 26-шы сессиясы өтті.

 

 

 

 

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде  бірқатар істің басы қайырылды. Жамбыл ауданында 60 елді мекен бар болса, олардың 40- ң даму деңгейі жоғары, Ал Мүсірепов ауданында 69 ауылдың 33-і көркейген елді мекендердің қатарында. Аталған аудандардың әкімдері депутаттарға бағдарлама жүзеге асырылған  бес жылда тындырылған жұмыстар жайлы есеп берді. Ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту бағытында тиісті шаралар қолға алынып, өндіріс қарқын алды. Халықты сумен қамтамасыз ету жағы шешіліп жатыр. Жұмыссыздық деңгейінің төмендегені байқалған. Оң өзгерістерді елді мекендерге шығып, бағдарламаның жүзеге асуын бақылаған халық қалаулылары да растап отыр.

Екпін Әбиев,  облыстық мәслихат депутаты:
із тексердік. Жамбыл ауданында өзгерістер көп. Су тартылып, жолдар жасалды.

Дегенмен әлі күнге дейін түйіні шешілме
ген  проблемалар жетерлік. Сапалы ауыз су, жол мәселелері өзекті. Ғ.Мүсірепов ауданындағы 32 елді мекенде мәдениет үйі жоқтың қасы. Жамбыл ауданында дәрігерлер жетіспейді. Отырыста өңіріміздегі мал шаруашылығының жай-күйі де сөз болды. Бұл сала бүгінде қарқынды дамып келеді.

Рашид Сюникаев,  СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:
Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жан басына шаққандағы көлемі бойынша біздің облыс сүт өндірісінен бірінші орынға шықты, ет және жұмыртқа өндіру бойынша екінші сатыға көтерілді.

Соңғы бес жылда өндіріске заманауи технологияларды ендіруге, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін жаңа кешендер тұрғызуға, білікті мамандар даярлауға тың серпін берілді. Депутаттар есепті бірауыздан қабылдады.
Халық қалаулылары өткен жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы қаржы басқармасының есебін тыңдап, бекітті.       Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов алда тұрған бірқатар міндеттерге тоқталды.


Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Бала туу көрсеткіші бойынша біздің облыс республикада соңғы орында.
Сондықтан өңірімізде қолға алынғалы отырған жаңа жобаны үгіттеу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Сондай-ақ бізде ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар жетіспейді. Бұл ретте Жәлел Қизатов атындағы колледж базасында жоғары оқу орнын ашуды көздеп отырмыз.

Айымгүл Әбілева