Мәдениет

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрына – 10 жыл.

 

 

Арқа төсінде шаңырақ құрып,  М.Әуезовтің “Карагөзімен” шымылдығын түрген жас театр он жылдық белесті артқа тастады. 50-ден аса қойылым бүгінде көрермен көңілінен орын алып, жас отау Қызылжардағы өнердің қара шаңырағына айналды.  Театр ұжымын мерейтоймен құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов бір топ сахнагерлерге Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттар табыс етті. Ал театрға жұмысқа келген 10 жас актерге 10 пәтердің кілті тапсырылды.  Биыл Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетін аяқтаған жас режиссер Болат Әбдірахманов үшін жұмыспен қатар пәтерлі болу үлкен қуаныш.

Болат Әбдірахманов,  Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі:

-Алдыңғы күні университет дипломын алдым. Ал бүгін жаңа салынған пәтер алдым.  

 

Өнер колледжінің түлегі, бір жыл ішінде бірнеше рөлді сомдап үлгерген Асылхан Рәзиев те пәтерлі болды.

Асылхан Рәзиев,  С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының әртісі:

-Сенер-сенбесімді білмеймін. Облыс әкіміне көп-көп рақмет, жастарды жебеп жатқанына.


Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын аяқтап, Солтүстік Қазақстан жеріне арман арқалап жеткен өрімдей қыз-жігіттер бүгінде белді актерлер. Олардың бір тобының еңбектері ерекше бағаланып, кеуделеріне “Мәдениет қайраткері” төсбелгілері тағылды.

 

Болат Мамытбеков, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының әртісі:

-Тамаша сый-тарту жасап жатыр. Бұл халықтың жеңісі, жемісі. 10 жылдық түйіндеме.

Театрдың мерейтойына арнайы жазушы, драматург Дулат Исабеков, театр сыншысы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры Әшірбек Сығай келді. Дулат Исабековтің “Тыныштық күзетшісі” драмасы көрермендердің де, театрдың да сүйікті қойылымы. Ал С.Мұқановтың “Балуан Шола
ғы бойынша драматург осы театр үшін арнайы сценарий жазды.   Көрерменге ұсынылған “Батыр Баян”, “Балуан Шолақ” ұжымның Мағжан мен Сәбең рухына қойған ескерткіші іспеттес. Ендігі бағындырар шыңдарыҒабең драматургиясы.


Қуандық Қасымов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының директоры:

-2012 жыл Ғ.Мүсіреповтің 110 жылдығы. Менің арманым Ғабаң тойына “Қыз Жібекті ” сахнаға шығару.


Он жылдық мерейтой 11-ші театр маусымының жабылуымен тұспа-тұс келді.
Жас мамандармен толыққан өнер шаңырағы жаңа маусымды тың жаңалықтармен бастамақ.

Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:

 -Қостанай қаласындағы Ілияс Омаров, Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы театрларға гастрольдерге барамыз. Жастар келіп жатыр, солармен бір мюзикл қоямыз.


Өнердің өмірі ұзақ болсын деп өздерінің сүйікті актерлері үшін қуанған, сүйсінген көрерменнің алғысы да шексіз.

 

Әсем Сембина