Балалар

Жолдау және жастар

 

 

 


Жазғы демалыс пен сессияға қарамастан студенттер дөңгелек үстелде бас қосты.  Әр факультеттің студенттерімен жиын өткізуді “Жастар ақпараттық- сараптамалық орталығы” өз мойнына алған.

Күнсұлу Бектемірова, “Жастар ақпараттық- сараптамалық орталығы” ЖҚҰ белсенді мүшесі:
-“Жастар ақпараттық-сараптамалық орталығы Жолдауға қатысты дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда.
Бұл шара апта бойы жүргізілмек. Онда жастар ұйымдары мен қоғамдық өмірге белсене араласатын студенттер қатысуда. Біз Елбасының саясатын қолдау үшін жиналдық.


2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы  жастар талқылаған басты тақырып болды. Студенттер ел үшін маңызды құжат аясында атқарылып жатқан жұмыстар: әлеуметтік саладағы “Жол картасы”, білім беруде  – “Балапан”, кәсіпкерлік саласында    “Бизнестің жол картасы-2020” жобаларына қолдау білдірді.

 

Мария Павлова, СҚМУ студенті:
Мұндай шаралар бізге керек. Себебі ел болашағы жастар Елбасының саясатын білуі тиіс. Әрі оны жүзеге асыруда республикамызда тұрып жатқан 16 миллионнан астам халықтың қолдауы көп дем береді.


Студенттер де  Елбасының сындарлы саясатын ел болып жүзеге асыруға үндейді.

 

 Гүлнар Мұқамеджанова