Қоғам

“Жеңіс жауынгерлері” кітабының екінші томы дайын



 

Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған “Жеңіс жауынгерлері” атты кітаптың екінші томы баспаға дайындалып жатыр. Қазір оның алғашқы данасы шығып, редакция алқасына тексеруге берілген. Жұмыс тобының мүшелері ондағы қателерді түзеп жатыр.

Бәйімбет Исенов, қалалық жұмыс тобының жетекшісі:

 Кейбір адамдардың аттары мен фамилияларында қателер бар. Көбінің туған жерлері дұрыс емес. Басқа мемлекеттерге көшіп кеткендері де кездеседі. Олардың туған-туысқандарын іздеп табу оңайға соқпайды. Соған қарамастан жұмысты жүргізіп жатырмыз.

“Жеңіс
жауынгерлері” кітабының бірінші томына 2 195 жерлесіміздің есімі енсе, екінші томға 2 300 ардагердің аты-жөні мен майдандағы ерліктері туралы мәліметтер топтастырылыпты. Таяуда жарық көретін бұл басылым 2 250 данамен шығарылмақ.

Бәйімбет Исенов, қалалық жұмыс тобының жетекшісі:

-Екінші томды июль айының ортасында шығарамыз деп ойлаймын. Ал үшінші томды июльдің аяғында шығарамыз, құдай қаласа.

Қазір үшінші томның материалдары да толығымен жинақталған. Ол 1 700 қарт майдангердің өмірінен сыр тарқатпақ. Жарық көретін екі томның да мұқабасы алғашқы кітаптікі секілді болады. Материалдар жинауда жұмыс тобына қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент пен ардагерлердің туған-туыстары көп қолдау көрсеткен.  

 

Самат Есмағи