Мәдениет

Поэзия кеші

 

 

 

Қызылжарлықтар ақын қыздардың шығармашылығымен дастарқан басында отырып танысты. Людмила Ромашкина мен Клавдия Чепурко осы кешті “Махаббат жырлары” деп атаған. Бұл кездейсоқ емес. Екеуі де лирика тақырыбында қалам тербеп жүр. Клавдия Бескөлде көз дәрігері болып жұмыс істейді, өлең жазуға құмарлығы бала кезінен оянған. Әзірге оның бір жинағы жарыққа шыққан.

Клавдия Чепурко, ақын:

– Мен  жанымның қалағаны туралы өлең жазамын. Жалпы  туындыларым 13 жасымнан бастап жарық көріп жүр. Отбасымда барлығы өлең жазатын. Алайда тек мен ғана бұл өнерге бар жанымды бердім. Алғашқы жинағым 2008 жылы жарыққа шықты.

Ал
матылық  Людмила Ромашкинаның 17 жинағы оқырманға жол тартқан. Бүгін оның бірқатар өлеңдері ән болып қалықтады. Өңірімізге келген мейман шетелдерде өтіп жүрген авторлық әндер фестиваліне жиі қатысады екен.

Бақытжан Сәмиева, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының  төрайымы:
-Бұл ақынның шығармаларын ұдайы оқып жүреміз.
Біз оны сыйлаймыз. Оның қаламызға келіп отырғаны бірінші рет емес. Дегенмен біздің қауымдастық оны алғаш рет шақырып отыр.

Людмила Ромашкина
, ақын:
– Мен алғаш рет бұл қалаға 2005 жылы авторлық әндер фестивалінің қазылар алқасының мүшесі болып келдім.
Сол кезден жергілікті қаламгерлермен танысып, достасып алдым. Біз жиі кездесіп, қосылып ән айтамыз, өлең оқимыз. Шығармашылығымыздағы жаңалықтармен бөлісеміз.

Людмила Ромашкина зұлымдық, жамандық туралы ешқашан өлең жазбаймын де
йді. Оның өмірлік ұраны – көктем, махаббат, гүлдер.  Дастарқан басында  өлең  тыңдаған қауым кештен ерекше әсер алды.

 

Жасын Біркенов