Денсаулық сақтау

Ақжарлық ауруханалар мен мектептер көкөністі өздері өсіреді

 

 

Аудандық аурухана өзін-өзі көкөніспен толық қамтамасыз еткен. 2009 жыл емдеу мекемесі үшін жемісті  болды. Алқаптан 4,5 тонна картоп алынды. Бұл өнім қыс бойына жетті. Өткен жылы аурухана басшылығы жылыжай ашып, бұл бастама да өзін ақтап шықты.

Шолпан Сәбитова, Ақжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
із биыл жылыжайдың аумағын 50-ден 100 шаршы  метрге дейін көбейттік. Былтыр жиналған қияр, сәбіз, қызылша науқастарға тамақ қана емес, дәрумен де болды деп ойлаймын.

Бұндай жылыжай 30-ға жуық мектепте бар. Әр ұжым өзін көкөніспен толық қамтамасыз етті. Артық қалған өнімді төмен бағамен саудаға шығарды. Осының арқасында көкөністің құны биыл біршама түсті.

Әлжаппар Қиманов, Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы:
артоп бағасы орта есеппен 40-50, көкөніс 30 пайызға арзандады

Өткен жылы аудан бойынша көкөністің шығымдылығы жақсы болды. Гектар басынан 150 центнер картоп алынды. Биыл да осыншама өнім алу
көзделген.

Тимур Әбдрешев