Билік

Облыс әкімінің Тайынша ауданына жұмыс сапары

 

Ауылдық округте бүгінде 22 бизнес өкілі сәтті жұмыс істеуде. Олардың бірі – Виктор Лазко. Биыл Келлеровкада ол демалыс кешенін ашыпты. Дәмхана мен қонақ үйдің құрылысы әлі аяқталған жоқ. Ал монша дайын. Селода туберкулезге қарсы диспансер «Жол картасының» аясында қалпына келтірілуде. Бұл бағытқа 130 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалды. Еден мен төбе толық жаңартылды. Жаңа есік пен әйнектер қойылды. Сондай-ақ асхана мен кір жуатын орын да қалпына келмек. Жөндеу науқанына барлығы 30 адам жұмылды. Орташа еңбекақы 30 мың теңге. Бұдан кейін өңір басшысы ауылдық кітапхана мен мектепке тұрғындармен  кездесті. Келлеровка- бұрынғы аудан орталығы. Бүгінде оның маңызы азайған жоқ. Қайта арта түсті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

2011 жылдан Петропавл-Көкшетау тас жолы күрделі жөндеуден өтпек. Сіздердің ауылдарыңыз осы жолдың   бойында. Бұл бағыт бірыңғай кеден одағы өз күшіне енсе, нағыз транзиттік дәлізге айналмақ. Келлеров ауылына үлкен мүмкіндіктер ашылады. Көліктер осы селоға көп тоқтайтын болады.

Ауылдағы бизнес қауымы жаңа одақтың пайдасы мол
болатынын қазірдің өзінде түсінген. Биыл елді мекенде бензин құю стансасы, 2 дүкен ашылды. Тағы бір дәмхана іске қосылмақшы. Алайда ауылдың дамуы бұнымен шектелмейді. Облыс әкімі округ басшылығына бірқатар міндеттер жүктеді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Маусымның біріне дейін Келлеровканың орталық алаңына жарық тартылсын. Ал саябақты қалпына  келтіруге 1 тамызға дейін уақыт беремін.

Ауылдық клубтың да жағдайы мәз емес. Мәдени мекеме тоқырау жылдарында жеке меншікке өтіп кеткен екен.
 Жиында  тұрғындар өздерін алаңдатып отырған ауыз су проблемасын шешіп беру туралы да өтініш білдірді. Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы Кременчуг селосында да әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты.

Тимур Әбдрешев