Билік

Үнемделген қаржы ауыл-селоларға бөлінеді

 

 

 

 

Кеңесте бірінші қаралған мәселе  – «Жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы. Бұл ретте биыл еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар 3 279 нысанға жөндеу жүргізу қарастырылған. Бөлінген қаржы 133 милиард теңге, оның 41 пайызы игеріліпті. Өткен жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан   бағдарлама жұмыссыздар санын қысқартуға да септігін тигізіп отыр. Бүгінге дейін 128 мың жұмыс орнының 107 мыңына еңбек қолы тартылған. Орташа жалақы мөлшері 34 мың теңге. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау да назардан тыс қалған жоқ. Осының арқасында 28 мыңнан астам адам даярлық курстарынан өтіпті. Алайда аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда кемшіліктер де жоқ емес. Арнайы тексеріс барысында 140 нысанның 107-де заңбұзушылықтар анықталып, 18 іс соттың қарауына жіберілген. Бұл еліміз бойынша жалпы мәлімет. Ал өңірлердегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімдері есеп берді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

Құны 5,4 миллиард теңгені құрайтын 138 инвестициялық жоба бар өңірімізде. Осының арқасында 5 397 жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінге дейін бөлінген қаржының 97 пайызын игердік. Қалғанын осы айдың соңына дейін толығымен іске жаратамыз. Жұмыстардың барлығы жоспарға сай жүргізіліп жатыр.

Ау
ыл-селоларда биыл жөнделетін нысандар өткен жылғымен салыстырғанда 2 есе азайған. Бірақ шешімін күткен мәселелер баршылық. Премьер министр «Жол картасына» бөлінген қаржыны үнемдеуден түскен қаржыны елді мекендерге жұмсау керектігін атап көрсетті. Бірыңғай кедендік одаққа енудің алдындағы дайындық та пысықталды. Бұл  шағын және орта бизнестің жұмысын алға бастырып, кейбір заңнамалық актілер, рұқсат беру жүйесін жетілдіріп, қағазбастылықтан арылуға жол ашпақ. Осы ретте бүгінге дейін рәсімделіп келген түрлі құжат саны 1000-нан  300-ге дейін қысқарып отыр. Тиісті органдар нысандарға түрлі тексерістер жүргізуді азайтулары керек. Ол 1-3-5 жылда бір рет өткізілуі шарт. Осылардың барлығы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда көрініс тапқан. Селекторлық кеңесті қорытындылаған Кәрім Мәсімов мұның бәрі халық игілігі үшін жасалып отырған іс екендігін тілге тиек етті. Астанамен болған байланыстан соң облыс әкімі жиында қаралған мәселелерді ескере отырып, бірқатар міндеттерді айқындады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес үнемделген 61 миллион теңгені елді мекендерге құю қажет. Оларда қандай нысандар жөнделуі тиіс, соны анықтаңыздар. Кадрларды қайта даярлауды да қарастыруымыз керек. Себебі осы жылы өңірімізде 9 ірі жоба іске асырылмақ. Ал қайта даярлықтан өткен мамандар соған сәйкес болулары шарт. Бірінші шілдеге дейін 6 жобаны іске қосу міндеті тұр. Ондағы жұмыстарды жеделдетіңіздер, уақыт аз қалды.

 Самат Есмағи