Балалар

Лагерьлерде оқушылардың демалыс маусымы басталды.

 

Қалалық саябақ алдына таңертеңнен бастап 6 мен 14 жас аралығындағы балалар және олардың ата-аналары жиылды. Мұнда 400-ден астам бүлдіршін сауықтыру лагерьлеріне аттануға әзірленіп тұр. Жеткіншектерді “Аққайың” және “Достық” демалыс орындары қабылдауда.

Зәмзагүл Қарманова, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
Демалыс орындарында 5 рет тамақтандырады. Балалар суға шомылады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер 3 тілді меңгереді. Жалпы олардың бос уақытын пайдалы өткізу үшін қызықты іс-шаралар жоспарланған.

 Лагерьде демалу құны 16,5 мың теңге. Алайда жолдамалар бір апта бұрын сатылып қойылған.

Ата-аналар:
Мен балаларымды екінші рет лагерьге аттандырып жатырмын. Оларға онда ұнайды. Жетекшілері жақсы.
Мен қызымды жіберіп жатырмын. Барлығы жақсы болып, жасқы демалады деген ойдамын.

Биылғы жазда лагерьлерде демалудың бес маусымы жоспарланған. Бұл уақытта бір мыңнан астам бала сауық
тырылмақ. “Аққайың” лагері алғашқы маусымда 210 балаға өз есігін айқара ашты. Бұл балғындар үшін 12 күнге қызықты бағдарлама жоспарланған. 35 жыл тарихы бар демалыс орны 6 мен 14 жас аралығындағы бүлдіршіндерді екінші жыл  қабылдап отыр. Лагерьге демалуға келген оқушылардың алғашқы легін бұндағы қызметкерлер құшақ жая қарсы алды. Мұнда бүлдіршіндердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалған.

Маргарита Грушина, “Аққайың” лагерінің директоры:
– Біздің лагерьде
гі барлық кемшіліктер жойылды. Комиссияның рұқсатымен ғана балаларды қабылдап отырмыз. Бүкіл ғимараттар жөндеуден өтіп, онда жаңа жиһаздар қойылған.

Лагерь қызметкерлерінің
ендігі міндеті – балалардың демалыс уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуін қамтамасыз ету.

Жасын Біркенов