Әр түрлі

Еңбек семестрі басталды

 

 

Облыстық ауруханада “Жол картасы” бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаруаға студенттік құрылыс жасағынан 15 шақты қыз-жігіт тартылды. Мердігерлермен жасалған келісім бойынша жақында жұмыс күші тағы 30 студентке толықпақ. Маусым соңында маңдай терлерін аямай төккен студенттер еңбектерінің жемісін көрмек. Орташа жалақы  26 мың теңгені құрайды.

Жәнібек Әлкин, студенттік құрылыс жасақтары штабының өкілі:
-Студенттер қазіргі таңда перинаталдық орталық, 17 мектеп, теміржолшылар мәдениет үйінде   жөндеу жұмыстарын жүргізуде.  230 -дай студент құрылыс нысандарында еңбек етіп жатыр.

Студенттердің бірқатары әлі жазғы сессияларын аяқтап болған жоқ екен. Оқуларын тәмамдағаннан кейін олар жұмысқа білек сыбана кіріседі. Жанат Мұхамеджанов құрылыс жасақтарында биыл алғашқы жыл еңбек етпек. Бұл нысанда оның жұмысқа кіріскеніне екі күн ғана.

Жанат Мұхамеджанов, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:
– Демалыс уақытында бос жүрмейін, ақша табайын деп, осында орналастым. Барлық студенттерді еңбек етуге шақырамын.

Биыл облыста 3 мың студент еңбек етеді деп жоспарланып отыр.   

Жасын Біркенов