Бизнес және экономика

Дұрыс пайдаланбаса – жерінен айырылады

 

 

 

 Семинар-кеңестің көздеген мақсаты ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану. Бұл жайында жиынға қатысушыларды облыс әкімі құлағдар етті.

Серік Біләлов,СҚО әкімі:

-Елбасының саясатының арқасында аграрлық сала бүгінде жаңа белеске көтерілді. Соңғы үлгідегі техникалар астық өсіруде барлық технологияларды сақтай отырып, мол астық алуға мүмкіндік беріп отыр. Оған өткен жылғы орақ науқаны мысал болады алады.

Қалауын тапса
, жер ананың берері мол. Алайда оған да жанашырлық керек. Топырақтың құнарын арттыру үшін оны үнемі минералдық тыңайтқыштармен қоректендірудің маңызы зор. Бірақ бұл қағиданы ұстанатындар шамалы. Ал жаңа заңнамада ондайларға талап қатал.

Өмірзақ Өзбеков,  ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы:

-Осыған дейін жерді тиімді пайдаланбаған шаруа қожалықтары мен серіктестік басшыларына әрі кетсе жазбаша ескерту жасалынатын. Қазіргі күні ол мүлдем басқа. Мәселен, меншігіңдегі танапқа екі жыл ештеңе екпейтін болсаң, онда жер телімі автоматты түрде мемлекетке өтеді. Жиынның мақсаты жаңа заңнаманы диқандар қауымына кеңінен түсіндіру.

Өңіріміз еліміздің басты астықты аймағы болып саналады. Оны облыс диқандары бірнеше жыл қатарынан рекордттық астық жинау арқылы дәлелдеп келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айдарбек Сапаров,  СҚО әкімінің орынбасары:

Астық өсіруде барлық технологияларды сақтауға баса назар аударылады. Бұл ырыс дәнін уақтылы сеуіп, уақтылы жинап алуға жол ашып отыр. Осы жылы облыс бойынша 5 миллион гектарға астық егілсе, оның 60 пайызы өнімділігі жоғары соңғы үлгідегі техниканың еншісінде.

Жерді пайдалануда кемшіліктер де жоқ емес. Мәселен
, агроқұрылымдар арасында арнайы жүргізілген тексеріс кезінде 104 заңбұзушылық анықталыпты.

Бақжан Сабаншиев,  ҚР жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

Жерді пайдалануда кемшіліктер бар. Оған жол бермеуіміз керек. Жерге орналастыру мен жерді пайдалану заңына бағынуымыз қажет. Мәселен сіздердің облыстарыңызда топырақтың қарашіріктілігі 7,5нан 21 пайызға дейін төмендеп кетті.

Жиын барысында сөз алған агенттік төрағасының бірінші орынбасары Қаналбек Райымбеков пен Ұлттық ғылым академисының академигі Зайролла Дүйсенбеков жер негізгі асыраушымыз екендігін естен шығармау керектігін тілге тиек етті. Ол біздің негізгі капиталымыз. Осыны әр адам ж
ете түсінуі қажет. Кеңес соңы салтанатты марапатпен аяқталды. Онда жерді тиімді пайдалану жөнінен “Богви” мен “Агрохимснаб” серіктестіктері үздік деп танылса, бос жатқан алқаптарды игеруде көш басындағылар қатарынан Тайынша мен Ғ.Мүсірепов аудандары көрінді. Жерге орналастыру жүйесін дамытуда Ақжар ауданы жер қатынастары бөлімі бастығының еңбегі еленген. Олардың барлығы аталмыш агенттіктің құрмет грамоталарына ие болды.

Самат Есмағи