Құқық қорғау органдары

Жәбірленушілер мен куәгерлер қалай қорғалады?

 

 

Өткен аптада тіркелген 73 қылмыстың тек үшеуі ғана ашылмапты. Ал бір оқиғаға кінәлілерді анықтауға жәбірленушінің өзі атсалысыпты. 9 маусым күні  түс уақытында Мир көшесіне жұмысына шыққан такси жүргізушісінің қызметіне екі жігіт жүгінеді. 20-шы ықшам ауданға жеткізуді сұраған олар  орта жолда таксиске пышақ тақап, ақша талап еткен. Жүргізуші  машинаны тоқтата сала, сыртқа қашып шығады.

Спартак Қабденов,  СҚО ІІД баспсөз қызметінің аға иснпекторы:
– Таксист әлгі жігіттердің біреуімен қақтығысқа түседі.
Оны өзі ұстаған соң, полицияға телефон арқылы хабар берді. Тәртіп сақшылары келіп, екіншісін де қолға түсірді. Қазіргі кезде факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Өзгенің мүлкіне қол сұқпақшы болғандардың біреуі бұрындары тонаушылық үшін сотталған екен. Осындай қылмыстық оқиғаның куәгері немесе жәбірленушісіне айналған азаматтарды мемлекет өз қорғауына алады.
Бұл заңмен бекітілген.

Ирина Кошекова, СҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
– Осы жылдың бес айында ішкі істер департаментінің қызметерлері 33 қылмыстық іс бойынша процеске қатысы, 41 тұлғаны мемлекеттік қорғауға алды. Оның 9-ы жәбірленуші болса, 32-сі куәгерлер. 11 азамат жеке қорғауды қаласа, 4-уі қауіпсіз жерге көшіруді таңдады.

Полицейлер тарапынан көрсетілетін мұндай көмектен Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындары да бас тартпапты. Бір кездері жұрттан ақша бопсалауға қатысты қозғалған 27 қылмыстық істе 10 жәбірленуші болған. Олардың 4-уі тергеу кезінде қорғауға алынған. Бірақ кейін сот процесі кезінде 3уі қауіпсіздік шараларынан бас тартса, 1 әлі күнге тәртіп сақшыларының бақылауында жүр екен. Бұл қауіпсіздік шаралары тергеу және сот барысында толығымен жүргізіледі. Жеке бас, отбасы және мүлік қауіпсіздігі мен өзі туралы мәліметтерді жарияламау – бұл елімізде қолданылатын қорғау шаралары. Өңірімізде мемлекеттік қорғауға алынғандарды «Арлан» арнайы тобы күзетеді.


Гүлнар Мұқаметжанова