Қоғам

Петропавлдың тағы бір шет ауданы тазаланды

 

 

 

 

Осыған дейін мұндай жұмыс Бензостройда жүргізілген. Бұл жолы қалалық әкімдік пен коммуналдық қызмет   Былғары зауытының аумағын тазартуды жоспарлаған болатын. Жеке секторда қоқыс көп. Сондықтан онда осы секілді сенбілік екі жұма бойы болыпты. Бұл жерде де тазалық шамалы.  Сәуір айында бастау алған үш айлық барысында қаланың орталық көшелері түгелімен тазаланып болды. Ендігі міндет  – шет аймақтардың реңін келтіру.   Бүгінге дейін жалпы сенбілік барасында 5 мың тоннадан артық қоқыс далаға шығарылыпты.

 Евгений Хан, қалалық мәслихат депутаты :

ұл жақсы бастама. Ол басталғалы бері қаламыз айтарлықтай тазарды. Оған тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес барша тұрғындар атсалысулары керек. Халықты осыған шақырғым келеді.

Әр жұма сайын өтетін сенбілік жайында санитар дәрігерлер мен учаскелік инспекторлар тұрғындары апта басында құлағдар еткен. Алайда оған тек қалалық әкімдік мамандары ғана жиылды. Ал жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан жұмысты тек терезеден бақылап тұрғанды жөн санаған сыңайлы.

Самат Есмағи